Наурыздағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
Бұл процесс 25 ақпанға дейін жалғасады

Қазақстанда 15 ақпаннан бастап наурыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Бұл процесс 25 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тіркеу app.testcenter.kz сайтында немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тест 1 наурыз – 5 сәуір аралығында өтеді. Оған 11 (12) сынып оқушылары, университетке шартты түрде қабылданған (ақылы негізде) студенттер, алдыңғы жылдардағы мектеп және колледж түлектері (толық оқу мерзіміне), Қазақстан азаматтығы жоқ, бірақ қазақ ұлтына жататын тұлғалар, шетелде оқыған, бірақ ҚР азаматы саналатын түлектер қатыса алады», — делінген хабарламада.
Тестілеу құны - 5640 теңге. Тіркелу кезінде үміткерлер өздері қалаған күнді, уақытты және тестілеу өтетін орынды таңдай алады.