15.02.2025, 13:18
Жаңалықтар
Тоқаев Сербия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ол Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Қазақстан президенті жеделхатында Сербияны Балқан түбегіндегі дамуы тұрақты, инфрақұрылымы өркендеген әрі мәдени мұрасы бай ел ретінде атап өтті.
«Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев президент Александр Вучичке жылы лебізін жеткізіп, серб халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді», — деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 17:10
Маңғыстауда жалған неке арқылы 50 млн теңге жымқырған подполковник 6 жылға сотталды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды