15.02.2025, 12:49
Жаңалықтар
Синоптиктер жеті қала тұрғындарына азырақ серуендеуді ұсынды
Мамандар ауа сапасының нашарлау қаупі барын ескертеді
Фото: © istockphoto.com
15 ақпанда Қазақстанның жеті қаласында метеорологиялық жағдайдың қолайсыздығына байланысты ауа сапасы төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ауа сапасының нашарлауы күтілетін қалалар:
- Алматы
- Павлодар
- Қарағанды
- Жезқазған
- Теміртау
- Атырау
- Ақтөбе
Синоптиктер тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұсынады:
- Ашық ауада әсіресе автожолдар мен өндіріс орындары маңында жүру уақытын қысқарту;
- Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
- Өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар азаматтарғадәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады;
- Физикалық белсенділікті шектеу, жаттығуларды ашық алаңда емес, жабық спорт кешендерінде өткізу.
Ауа сапасының нашарлауы көлік қозғалысының қарқындылығына, өндіріс орындарының жұмысына және желдің әлсіздігіне байланысты. Тұрғындарға денсаулығына сақ болу және алдын алу шараларын ұстану қажет екені ескертілді.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті