$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда ер адам полицеймен төбелесемін деп темір тордан бір-ақ шықты (ВИДЕО)

Оқиға 13 ақпан күні Сәтбаев даңғылында болған

Атырауда ер адам полицеймен төбелесемін деп темір тордан бір-ақ шықты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Атырауда ер адамның полиция қызметкерімен төбелесіп жатқан видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 13 ақпан күні Сәтбаев даңғылының бойында сағат 17:57-де болған. Ер адам жол қозғалысына кедергі келтіріп қана қоймай, полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен. Бұл жағдайға қатысты Полиция департаменті агенттікке түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желіде жол бойында қозғалысқа кедергі келтіріп, полиция қызметкеріне қарсылық танытқан жаяу жүргінші 25 тәулік әкімшілік қамауға алынып, сот шешімімен 27 524 теңге айыппұл салынды.

Айта кетейік, 13 ақпан күні сағат 17:57 шамасында патрульдік полиция қызметкері Қ. Сатпаев көшесінде апат шамы қосылып тұрған Toyota Prado көлігінің жанында екі азаматтың сөзге келіп тұрғанын байқайды. Тексеру барысында 1998 ж.т. жаяу жүргіншінің алкогольдік ішімдік ішкен күйде жол қозғалысына кедергі келтіріп, Toyota Prado жүргізушісіне былапыт сөздер айтып, қолын сермегені анықталды. Полиция қызметкерлері жағдайды реттеуге тырысқан сәтте 1998 жылы туған азамат заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен», - делінген түсініктемеде.

Сонымен қатар, полицеймен жаға жыртысқан ер адамға қандай шаралар қолданылғаны белгілі болды.

«Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігі, 434-бабы 2-бөлігі, 440-бабы 1-бөлігі және 615-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа дейін Атырау ҚПБ әкімшілік қамауға алынды», - дейді Полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары