$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.05.2020, 10:33
Жаңалықтар

Швейцариялық сағаттардың экспорты 80%-ға дейін құлдырап кетті

Әсіресе, алтын мен болаттан жасалған қол сағаттарының экспорттық жеткізілімдері қысқарған

Швейцариялық сағаттардың экспорты 80%-ға дейін құлдырап кетті
Фото: ашық дереккөзден

Экспорт барлық санаттар бойынша, ең арзанынан бастап элиталық сағаттарға дейін қысқарды. АҚШ нарығындағы сұраныстың төмендеуінен швейцариялық сағат өндірушілері үшін Қытай ірі нарыққа айналып шыға келді.

2020 жылдың сәуірінде швейцариялық өндірушілер экспортқа жіберген сағаттардың жалпы құны 328,8 млн швейцариялық франкті ($339,3 млн) құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 81,3%-ға кем (1,759 млрд франк).

Экспорттың құлдырап кеткені жайында елдегі барлық өндірушілер мен сағат сатушылардың 90%-ын біріктіретін Швейцариялық сағат өнеркәсібі федерациясы хабарлады.

Федерация хабарламасында экспорттың барлық санат бойынша құлдырағаны айтылған. Сәуір айында Швейцарияда шығарылған 338 мың қол сағаты шетелге жеткізілді, бұл өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 78,6%-ға аз, ал олардың құны 82,1%-ға, яғни 299,3 млн франкке дейін төмендеді.

Әсіресе, алтын мен болаттан жасалған қол сағаттарының экспорттық жеткізілімі 90,3 пайызға дейін қысқарған.

Швейцария сағаттарының АҚШ-қа (86,4%-ға), Жапонияға (85,9%-ға), Гонконгқа (83,2%-а), Германияға (82,1%-ға) және Оңтүстік Кореяға (минус 68,6%-ға) жеткізілімдерінің күрт қысқаруынан енді Қытай ең ірі өткізу нарығына айналды.

Серіктес жаңалықтары