$ 501.81  541.5  5.96
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның бірнеше қаласында интернет алаяқтықпен айналысқандар ұсталды

Тінту кезінде алты sim-box құрылғысы, 24,5 мыңнан астам sim-карта табылды

Қазақстанның бірнеше қаласында интернет алаяқтықпен айналысқандар ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қазақстанның бірнеше қаласында интернет алаяқтықпен айналысқандар қолға түсті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Балқаш, Тараз, Екібастұз және Петропавл қалаларында бір күннің ішінде киберполиция бөліністері прокуратурамен және ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, sim-box жабдықтарының заңсыз жұмысын әшкерелеу бойынша іс-шаралар жүргізді.

Операция барысында төрт адам ұсталды, олардың екеуі – көрші мемлекеттің азаматы. Тінту кезінде алты sim-box құрылғысы, 24,5 мыңнан астам sim-карта және перифериялық жабдық тәркіленді.

Ұсталғандарға интернет-алаяқтарға көмектескені үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Sіm-box қылмыскерлерге әлемнің кез келген жерінде бола отырып, алаяқтық қоңыраулар жасауға мүмкіндік береді. Тек жабдықтың өзі сол мемлекетте орналасуы және жергілікті байланыс операторларының трафигін пайдалануы жеткілікті.

Серіктес жаңалықтары