13.02.2025, 12:30
Жаңалықтар
Қазақстан биатлоннан Азия чемпионатында екінші орын алды
Бірінші орынды Жапония құрамасы жеңіп алды
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, биатлоншылар эстафеталық жарыста екінші нәтижені көрсетті. Медальді елімізге Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев әкелді.
Бірінші орынды Жапония құрамасы жеңіп алса, үшінші орын Қытайға бұйырды.
Айта кетейік, Қазақстан биатлоншылары Азия ойындарын төрт медальмен аяқтады. Владислав Киреев спринтте бірінші орын алды. Бұл санатта Вадим Куралес күміс медаль еншіледі. Әйелдер құрамасы эстафетада үшінші орын алса, ерлер құрамасы екінші болды.
Көп оқылған
12.02.2026, 16:15
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің мазасы неге қашып, олар неге хат жаза беретінін түсіндірді
12.02.2026, 17:16
Қазақстанда нақты ғылымдардан сабақ беретін мұғалімдердің жартысынан көбі – сауатсыз
12.02.2026, 06:00
Шымкентте нөсерден кейін жауған қар салдарынан ағаш құлап, 4-сынып оқушысы қаза тапты
12.02.2026, 10:58
Үйлену тойына кедергі жасаған: Ұлытау облысында жас жігіт бойжеткенді еш себепсіз 5 жыл аңдыған
12.02.2026, 16:43
Ораза айында пітір садақа беріп үлгермеген азаматтар не істеу керек