$ 501.31  520.11  5.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Баламның мойнын көздеген»: лифтіде бетін тілгілеп тастаған бүлдіршіннің анасы пікір берді (ВИДЕО)

Оқиға Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде болған

«Баламның мойнын көздеген»: лифтіде бетін тілгілеп тастаған бүлдіршіннің анасы пікір берді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Астанада лифтіде бетін тілгілеп тастаған бес жасар баланың анасы болған оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Есік ашық тұр. Жүгіріп кірді. Мама, мені өлтірді, мені өлтіргісі келді деп кірді. Мен шошып кеттім, не болды деп. Кім тиісті саған, жаңа ғана жап-жақсы келе жатыр едің ғой? Мама, балалар алаңқайы, дейді. Балалар алаңқайында біреу тиісті, қашып кетті деп айта алмай жатыр деп ойладым. Мама, мен өліп бара жатырмын деп шалқалап құлап кете береді.

Бетінен қан фонтан болып атқылап жатыр. Қан атқылап жатқан жерінен басқан сайын артқа қарай құлап барады. Шок жағдайында тұрғандықтан не істерімді білмей, қызымның таза киімін алып, бетіне басып жатырмын. Осы тұрған жердің бәрі қан болды», - дейді бес жасар баланың анасы.

Оның БАҚ өкілдеріне берген пікірі әлеуметтік желіде таралды.

«Ол баламның мойнын көздеген. Бірақ мойнында шарф, одан қатты киілген бас киім болған соң мойнына тигізе алмаған. Дегенмен мойнының бір тұсына ұшы тиіп кетіпті. Бірақ қатты кетпеген. Сол жақ бетінің терісі ашылып тұрып, қан атқылап жатыр. Пышақ құлағының түбіне қатты тиген. Сол жері қауіпті болып тұр. Ол жердегі жүйке жүйесін бір-бірімен жалғаған. Оны дұрыстап қарау керек. Қазір оның сол жақ бөлігі жұмыс істемейді. Оның үстіне ісіп кеткен.

Баламды жалғыз сыртқа жіберді деп мені айыптайды. Бірақ мен оның үйге қалай кіріп бара жатқанын терезеден көріп тұрмын. Негізі оны жалғыз өзін сыртқа жібермеймін.

Айта кетейік, кеше лифтіде 14 жастағы жасөспірім лифтіде тұрған 5 жасар балаға шабуыл жасап, қолындағы пышақпен бетін тілгіліп тастаған.

Серіктес жаңалықтары