$ 501.31  520.11  5.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте ақша бермеген есепшіні пышақтап кеткен адам 6 жылға сотталды

Оқиға былтыр қараша айында түнгі уақытта болған

Шымкентте ақша бермеген есепшіні пышақтап кеткен адам 6 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Шымкент тұрғыны ойын-сауық мекемесінің есепшісіне ақша бермеген соң пышақтап тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотталушы 2024 жылдың қараша айында түнгі уақытта қоғамдық орын болып табылатын «S.» караоке - бар клубында есепші қызметін атқаратын  жәбірленуші Ұ.-ға келіп «Kaspi Gold» есеп шотынан ақша шешіп беруін талап еткен, алайда жәбірленуші жұмыс орнын тастап кете алмайтынын айтып бас тартқан. Соған ашуланған сотталушы жәбірленушіні балағаттап, шапалақпен бетінен ұрып, пышақ жарақатын салып денсаулығына ауыр зиян келтірген.

«Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде  кінәсін  толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін және келтірілген залалды өтегенін ескерді, ал жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар жоқ деп тапты.

Сот, Х.-ны  ҚК-нің 106-бабының 2-бөлігінің 7) тармағымен кінәлі деп танып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады», - делінген қалалық сот хабарламасында.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары