$ 506.43  522.43  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада жасөспірім лифтіде тұрған 5 жасар балаға шабуылдап, бетін тілгілеп тастады

Зардап шеккен баланың жағдайы ауыр

Астанада жасөспірім лифтіде тұрған 5 жасар балаға шабуылдап, бетін тілгілеп тастады
Фото: Видеодан скрин

Астанада адам шошырлық оқиға болды. Көпқабатты үйлердің бірінде 14 жастағы жасөспірім қолындағы пышақпен лифтіде тұрған 5 жасар балаға шабуылдап, бетін тілгілеп тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті мәлімдеме жасап, жасөспірімнің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғанын хабарлады.

«Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған адам анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақыртылды, олар заңнамаға сәйкес міндетін тиісінше орындамағаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылады.

Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасаған жасөспірім қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін белгіленген тәртіппен бірден оқшауланады», - деп жауап берді Полиция департаменті редакцияның сауалына.

Оқыс жағдайға қатысты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы да мәлімдеме жасады.

«Бетінен бірнеше жерден жара алған баланы жедел-медициналық жәрдем бригадасы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Баланың жағдайын кезекші травматолог және жақ-бет хирургы қарады. Баланың жалпы жағдайы – ауыр. Жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды.

Серіктес жаңалықтары