Танысына 4 бөлмелі үй алып беретінін айтып, 21 млн теңгесін қағып алған адам сотталып кетті
Оған қатысты сот үкімі шықты
![Танысына 4 бөлмелі үй алып беретінін айтып, 21 млн теңгесін қағып алған адам сотталып кетті](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/12/67ac8b2fc8ae8719861049.jpg)
Ақтауда танысына жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтер алып беремін деп 21 млн теңгесін алып, басқа облысқа көшіп кеткен алаяқ 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, «А» есімді азамат Ақтау қаласында тұратын танысына Ақтау қаласы аумағынан жаңадан салынып жатқан үйлерден 4 бөлмелі пәтер алып бере алатын мүмкіндігінің бар екендігі туралы жалған ақпарат айтты.
Сеніміне кіргенін пайдаланып, алаяқтық жолмен 21 млн ақша қаражатын заңсыз иемденіп, басқа өңірге қашып кетті.
«Тергеу барысында «A» азаматы аса ірі мөлшерде алаяқтық қылмысын жасағаны үшін кінәлі екені дәлелденді.
Ақтау қалалық сотының 16 қаңтар 2025 жылғы үкімімен «А» есімді тұлға ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.