Қостанай қаласының әкімдігі көпбалалы отбасыға пәтер беріп, үш айдан кейін тартып алған
Көпбалалы отбасы сотта жеңіп шықты
![Қостанай қаласының әкімдігі көпбалалы отбасыға пәтер беріп, үш айдан кейін тартып алған](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/12/67ac776c73fc5132784779.jpg)
Қостанай қаласының әкімдігі көпбалалы отбасыға пәтер беріп, арада үш ай өткеннен кейін тартып алғаны белгілі болды. Осы дауға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жоғарғы сот мәліметінше, 2009 жылы әлеуметтік аз қамтылған және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын Қостанай қаласының көпбалалы отбасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке тұрған.
Ол кезекке тұрған кезде оның бес баласы 1 мен 22 жас аралығында болған. Арада 10 жыл өткен соң, оларға Қостанайдан үш бөлмелі пәтер берілген. Алайда, 3 ай өткеннен кейін қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі оның бөлінуінің қате екенін айтып, алдағы уақытта басқа пәтер беруге уәде беріп, тұрып жаттқан пәтерді қайтаруды талап еткен.
2024 жылы 5 баланың анасына 2019 жылы тұрғын үй кезегінен өзіне ескертпестен алып тастағаны белгілі болған. Оның өтінішіне Тұрғын үй қатынастары бөлімінен кезекке қайта қою мәселесі сот арқылы шешілуі тиіс деген жауап келген.
«Дауды қарай келе, Тұрғын үй қатынастары бөлімінің өтініш берушіні кезекке қалпына келтіруден бас тартуын заңсыз деп санады, талап қоюшыны кезектен шығару кезінде іс жүргізу бұзушылық рәсімдері анықталды, нәтижесінде бас тарту заңсыз деп танылып, күші жойылды.
Сот жауапкердің заңбұзушылықтарына назар аудара отырып, алдағы уақытта осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін Қостанай қаласының әкіміне жеке ұйғарым шығарды», - делінген Жоғарғы сот хабарламасында.