$ 501.31  520.11  5.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада сауда орталығына баса-көктеп кіріп, ондаған телефонды алып кеткендер ұсталды (ВИДЕО)

Ұсталғандардың бірі бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды

Астанада сауда орталығына баса-көктеп кіріп, ондаған телефонды алып кеткендер ұсталды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Астанада екі жас жігіт сауда орнына баса-көктеп кіріп, 20 телефонды ұрлап кеткені анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«102» арнасына бөтен мүлікті ұрлау туралы хабарлама түсті. Құқық қорғау органдары оқиға орнына жедел түрде жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, сауда-ойын сауық орталығында орналасқан телефон сататын жерге белгісіз екі адам кіріп, шамамен бір миллион теңге тұратын 20 телефон аксессуарларын алып кеткен. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушылардың жеке басын анықтады.

29 жастағы екі ер адам бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылып, осындай қылмыстар үшін сотталған. Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта іздеуде жүрген екінші күдіктіге қатысты шара қолдану мәселесі қарастырылуда. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұрланған мүлік тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары