Лифтіде бес жасар баланың бетін тілгілеп тастаған: жасөспірімнің заңды өкілі жазаланды (ВИДЕО)
Шабуыл жасаған жасөспірімнің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды
Астанада көпқабатты үйлердің бірінде 5 жасар баланың бетін тілгіліп тастаған 14 жастағы жасөспірімнің заңды өкілі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бүлдіршінге жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті ретінде психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім анықталды. Ол заңды өкілімен бірге дереу полицияға жеткізілді. Қажетті тергеу амалдары аяқталған соң, оны оқшаулау бойынша шаралар қабылданады.
Сонымен қатар, оның заңды өкілі баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер оған қажетті көмекті көрсетіп жатыр», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін зардап шеккен бүлдіршін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын.