$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұман түсіп, көктайғақ болады: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер бірқатар өңірде ауа райы күрт нашарлайтынын хабарлады

Тұман түсіп, көктайғақ болады: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ және қатты жел болады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана, БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Атырау және Ұлытау облыстарына тұман түседі.

Қарағанды облысында көктайғақ орнап, тұман болады деп күтіліп отыр.

Жетісу облысында қатты жел соғады.

Павлодар және Түркістан облыстарында қалың қар, жаңбыр, тұман, көктайғақ және жел болады.

Маңғыстау облысында көктайғақ күтіліп отыр.

Солтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында жел мен тұман болады.

Алматы облысында жел, тұман және көктайғақ болады.

Жамбыл, Абай, Ақмола және Маңғыстау облыстарында қар, боран, тұман болады деп болжанып отыр.

Серіктес жаңалықтары