10.02.2025, 15:36
Жаңалықтар
Дастан Сатпаев «Челси» сапына ресми түрде ауысты
Ол ағылшын клубына 2026 жылдың жазында қосылады
Фото: Instagram/d.satpayev
«Қайрат» командасының ойыншысы Дастан Сатпаев Англияның «Челси» ұжымына ресми түрде ауысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз 2026 жылғы жазда кәмелетке толған соң ағылшын клубына ресми түрде қосылады. Ол уақытқа дейін Сатпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетеді.
Дастан Алматыда дүниеге келген. Сегіз жасында «Қайрат» академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті.
Оның жетістіктері:
- QJ League-те екі маусымда 28 матчта 26 гол, 10 нәтижелі пас;
- QJ League 2024 жылғы маусымның ең құнды ойыншысы;
- Бірінші лигада 5 матч ойнап, жеңіс голын соққан;
- УЕФА Жасөспірімдер лигасында 4 матчта 1 гол, 1 нәтижелі пас.
2024 жылғы мамырда 15 жасында Сатпаев негізгі командада дебют жасап, «Қайрат» тарихындағы ең жас ойыншы атанды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді