$ 506.43  522.43  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана мен Алматыда алдағы үш күнде тұман болады

Сонымен қатар көктайғақ күтіледі

Астана мен Алматыда алдағы үш күнде тұман болады
Фото: Azattyq Rýhy

«Қазгидромет» синоптиктері 9-11 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның екі ірі қаласында – Астана мен Алматыда алдағы үш күнде тұман, қар және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Астана

9 ақпан – Күн ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең аздап қар жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде температура -19…-21°C, күндіз -7…-9°C.

10-11 ақпан – Ауа райы ауыспалы бұлтты, кей уақытта қар, бұрқасын және тұман күтіледі. Жел батыстан 7-12 м/с. Түнде -10…-12°C, күндіз -5…-7°C.

Алматы

9 ақпан – Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Түнде температура -6…-8°C, күндіз +1…+3°C.

10 ақпан – Ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ сақталады. Жел шығыстан 2-7 м/с. Түнде -7…-9°C, күндіз 0…-2°C.

11 ақпан – Тұман мен көктайғақ сақталады. Жел шығыстан 2-7 м/с. Түнде -9…-11°C, күндіз 0…-2°C.

Синоптиктер жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді, әсіресе көктайғақ кезінде абай болу қажеттігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары