09.02.2025, 11:42
Жаңалықтар
Азиада-2025: Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан қола медаль алды
Ал тағы бір қазақстандық спортшы финалдық кезеңге өте алмады
Фото: ҰОК
Қазақстандық спортшы Аяна Жолдас Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Жарыстың финалдық кезеңінде Аяна 76,54 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
- Алтын медальді қытайлық Чю Мэньтао жеңіп алды – 90,94 ұпай.
- Күміс жүлдені тағы бір Қытай спортшысы Чэнь Сюжень иеленді – 81,58 ұпай.
Бұл Қазақстан құрамасының Азиада-2025 додасындағы тағы бір маңызды жетістігі. Дегенмен, тағы бір қазақстандық спортшы Ардана Маханова финалдық кезеңге өте алмады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
