08.02.2025, 16:54
Жаңалықтар
Қаңтарда есірткіге байланысты мыңнан астам сайт бұғатталды – ІІМ
76 ақпараттық канал мен бот жойылды
Фото: © istockphoto.com
Қазақстанда қаңтар айында есірткіге байланысты 1257 сайт, оның ішінде 15 дроп-карта бұғатталып, 76 ақпараттық канал мен бот жойылды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметінше, өткен айда есірткіге қатысты 700-ден астам қылмыс анықталған. Оның ішінде:
- 274 наркологиялық қылмыс тіркелген,
- 180 факт есірткі сату,
64 факт интернет арқылы есірткі жарнамалау, - 3 факт контрабанда,
- 16 факт есірткі өсімдіктерін өсіру.
Сонымен қатар, 9 ұйымдасқан қылмыстық топ пен 3 наркопритонның қызметі тоқтатылған. 17 зертхананың жұмысы әшкереленген.
«Жыл басынан бері 800 келіден астам есірткі, оның ішінде 29 келі синтетикалық есірткі және 5 тонна прекурсор тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс үздіксіз жалғасып жатыр», – деп мәлімдеді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады