08.02.2025, 16:21
Жаңалықтар
Тағы бір ұшақ апатқа ұшырады: тірі қалғандар жоқ
Борттағы барлық он адам қаза тапты
Фото: @USCGAlaska / X.com
Bering Air компаниясының ұшағы Аляска штатындағы әуе кеңістігінде радар экрандарынан жоғалып, апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған барлық 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС-қа сілтеме жасап.
Апат туралы ақпаратты АҚШ-тың жағалау күзеті агенттігіне сілтеме жасаған Associated Press агенттігі жариялады.
Апаттың себебі әзірге белгісіз. Ұшақ Уналаклит қаласынан Ном қаласына қарай рейс орындаған. Бортта тоғыз жолаушы мен бір ұшқыш болған. NBC телеарнасының мәліметінше, ұшақтың қалдықтары Номнан оңтүстік-шығысқа қарай 54,7 шақырым жерде табылған.
Айта кетейік, бұл АҚШ-та екі апта ішінде болған үшінші ірі әуе апаты.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады