Астанада OLX арқылы 40-тан астам адамға жалған жиһаз сатқан алаяқ ұсталды
Шығынның жалпы сомасы 300 мың теңгеден асады
![Астанада OLX арқылы 40-тан астам адамға жалған жиһаз сатқан алаяқ ұсталды](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/08/67a73f87670bd851921378.webp)
Астанада полицейлер OLX платформасында жалған жиһаз сатумен айналысқан алаяқты анықтады. Оның 40-тан астам қылмысқа қатысы бары анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алаяқтың құрбаны болған азаматтардың бірі полицияға жүгінген. Оның айтуынша, ол OLX қосымшасы арқылы жиһаз сатып алмақ болып, алаяқтың құрбаны болған.
«Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 31 жастағы күдіктіні анықтады. Ол OLX платформасында жалған хабарландырулар жариялап, сатып алушыларды алдап, ақшаларын иемденген. Қазіргі уақытта оның осындай 40 қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды», – делінген полиция мәлімдемесінде.
Шығынның жалпы сомасы 300 мың теңгеден асады. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.