08.02.2025, 17:49
Жаңалықтар
Оралда көпірден секірмек болған қыз құтқарылды
Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты
Фото: © istockphoto.com
Орал қаласының полиция қызметкерлері Деповский көпірінде өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген қызды аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
7 ақпан күні кешке полицияға куәгерлерден қоңырау түскен. Олар көпірдің шетінде тұрған қыздың өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасап жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері дереу келіп жеткен.
«Жәңгір Ғазизов көпірдің шетіне жақындап, қызды ұстап үлгерді, оған ойланбай әрекет жасауға жол бермеді. Кейін полиция қызметкерлері қызды көпірдің қауіпсіз жағына өткізіп, қызметтік көлікке отырғызды. Ол медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты», – деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды