$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада такси жүргізушісін соққыға жығып, ақшасы мен көлігін алып кеткен

Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты

Қызылордада такси жүргізушісін соққыға жығып, ақшасы мен көлігін алып кеткен
Фото: Polisia.kz

Қызылордада такси жүргізушісіне соққыға жығып кеткен екі күдікті қолға түсті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, қаскүнемдер такси тоқтатып, өздерін қала орталығына апарып тастауын сұраған. Жүргізуші оларды айтылған жерге бағыт алған уақытта автокөлік салонының артында отырған біреуі оны ұрып-соққан. Жүргізушінің телефонын, қолда бар ақшасын тартып алып, далаға лақтырып кеткен.Өздері автокөлікті қала сыртына тастап, оқиға орнынан іздерін суытқан.

Қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы жоспар енгізілді. Нәтижесінде полицейлер Шымкент қаласының жедел қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іс-шара жұмыстарын жүргізу барысында екі күдіктіні ұстады.

Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары