$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қайта оралуға болмайтын адамдар бар»: Қайрат Нұртастың әйелі жұртты ойға салып қойды (ВИДЕО)

Актрисаның бұл видеосын желі қолданушылары отбасындағы жағдаймен байланыстырды

«Қайта оралуға болмайтын адамдар бар»: Қайрат Нұртастың әйелі жұртты ойға салып қойды (ВИДЕО)
Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бір шумақ өлең оқып, жұртты ойға салып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актриса Instagram парақшасында жариялаған видеосында өлең оқу айдарын жалғастырды.

«Жолдар бар, жалғыз жүріп өтетін,
Сәттер бар, соңғы нүктені қоятын,
Жағдайлар бар, қоштасуға тура келетін,
Адамдар бар, қайта оралуға болмайтын», - дейді актриса.

Актрисаның бұл видеосын желі қолданушылары отбасындағы жағдаймен байланыстырып, пікір қалдырды.

«Мықты бол, әр сүрінгеннен қайта тұрып, жүруге қақың бар», «Сөз төркінін түсінетін адам түсінді», «Үйді жаныңыздан босатыңыз. Жабыспаңыз», «Түсінген жанның жүрегін тіліп өттің-ау», «Қайрат, қош бол! Жұлдыз сен мықтысың», «Жұлдыз, сен бұл сынақтан әлі-ақ өтіп кетесің», - деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары