Әзербайжан 100-ден астам шетелдік дипломды өз елінде неге тіркеген жоқ
402 өтініштің тек 300-і мақұлданған
![Әзербайжан 100-ден астам шетелдік дипломды өз елінде неге тіркеген жоқ](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/07/67a5ef1302ba5191936687.webp)
2025 жылдың қаңтар айында Әзербайжанның Білім сапасын қамтамасыз ету агенттігіне шетелдік жоғары оқу орындарының дипломын тану үшін 402 өтініш түскен, олардың 300-і мақұлданып, иелеріне ресми куәлік берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
102 өтініш неге қабылданған жоқ?
102 өтініш қабылданған жоқ. Оның 78-і студенттердің оқыған елінде қажетті уақыт көлемінде болмағаны үшін тіркелмеген.
Ең көп өтініш мына елдерден келген:
Түркия — 146 өтініш
Ресей — 102 өтініш
Украина — 51 өтініш
Ұлыбритания — 23 өтініш
Грузия — 17 өтініш
Польша — 10 өтініш
Мажарстан (Венгрия) — 9 өтініш
Италия — 8 өтініш
Ең танымал мамандықтар
Тіркелген өтініштердің ішінде ең көп сұранысқа ие мамандықтар:
38 өтініш — бизнес басқару
27 өтініш — экономика
26 өтініш — қаржы
26 өтініш — менеджмент
20 өтініш — құқықтану (юриспруденция)