07.02.2025, 12:22
Жаңалықтар
Түркістан облысында жүргізуші 7 пакет есірткі алып бара жатқан жерінен ұсталды
Оқиға Отырар ауданындағы Шәуілдер-Түркістан автожолында болған
Фото: Polisia.kz
Түркістан облысында ер адамға тиесілі көліктің салонынан 7 пакет есірткі табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция мәліметінше, жедел-іздестіру барысында Түркістан облысында есірткі сақтап, тасымалдау фактісі анықталды.
Жедел уәкілдер Отырар ауданындағы Шәуілдер-Түркістан автожолында Шымкент қаласының тұрғыны басқарған Lada автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің салонынан ішінде есірткі заты бар 7 пакет табылды. Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 400 грамм марихуана болып шықты.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
