$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана мен Қарағанды облысында ауа райына байланысты тасжолдар жабылды

Қазіргі уақытта жол қызметі тазалау жұмыстарын атқарып жатыр

Астана мен Қарағанды облысында ауа райына байланысты тасжолдар жабылды
Фото: istockphoto.com

Ауа райының суытуына байланысты Астана мен Қарағанды облысында ауа райына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Астана-Қарағанды-Алматы автожолының 1353-1426 шақырым аралығындағы учаскесінде көрініс жоқ, қозғалысқа шектеу қойылған. Қазіргі уақытта жол қызметі тазалау жұмыстарын атқарып жатыр.

«2025 жылғы 7 ақпан сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырымы аралығындағы (Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Сонымен қатар, Астана-Теміртау автожолының 1353-1426 шақырым аралығындағы учаскесінде көрініс жоқ, қозғалысқа шектеу қойылған. Жол қызметі тазалау жұмыстарын атқарып жатыр», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары