$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында алапат орман өрті болуы мүмкін: 20 мың гектар жерде қауіпсіздік сақталмаған

Орманды жерлерінде өрт қауіпсіздігі сақталмағаны анықталды

Алматы облысында алапат орман өрті болуы мүмкін: 20 мың гектар жерде қауіпсіздік сақталмаған
Фото: istockphoto.com

Алматы облысының орманды жерлерінде өрт қауіпсіздігі сақталмаған орындар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Табиғат қорғау прокуратурасы орман заңнамасының сақталуын тексеру барысында мемлекеттік орман қорының нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын 44 жер учаскесін анықтады.

Белгілі болғандай, орман қорының экотуризмді және сауықтыру қызметін дамыту үшін берілген учаскелерін орман пайдаланушылар өртке қарсы санитарлық нормаларды сақтамай, сондай-ақ орман ресурстарын ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және орман экожүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды орындамастан жеке мақсаттарда пайдаланды.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жануарларына іс жүзінде иелік етпейтін және агроөнеркәсіптік кешенге қатысы жоқ адамдарға шөп шабу және мал жаю үшін орман қоры жерлерін негізсіз берудің 43 фактісі анықталды.

«Тексеру нәтижелері бойынша ауданы 20 мың гектардан асатын орман қорын пайдалану бойынша 60 шарт бұзылды.

Уақытылы қабылданған шаралар жердің деградациясы мен шөлейттенуіне, сондай-ақ аймақтың биоалуантүрлілігінің нашарлауына әкелетін орманды ұтымсыз пайдаланудың алдын алды.

Орман қоры жерлерін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жалғасып жатыр», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары