$ 497.88  518.59  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Үндістан арасында тағы бір рейс ашылады

Әуе рейстері 14 мамырдан бастап қатынайтын болады

Қазақстан мен Үндістан арасында тағы бір рейс ашылады
Фото: istockphoto.com

Қазақстан мен Үндістан арасында тағы бір әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік министрлігінің мәліметінше, 5 ақпанда Қазақстанның авиациялық билігі Астана қаласының халықаралық әуежайы өкілдерінің қатысуымен «Indigo» Үнді «лоу-кост» әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.

Осы жылдың 14 мамырынан бастап «Indigo» әуе компаниясы Астана-Дели бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рет жиілікпен орындалады.

«Қазақстан мен Үндістан астаналары арасында тікелей рейстің ашылуы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, бұған дейін хабарланғандай, Air Astana қазақстандық әуе компаниясы осы жылдың 20 сәуірінен бастап «Airbus» үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 3 рет жиілікпен Алматы-Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады. Жалпы, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде елдер арасындағы жолаушылар рейстерінің 5 әуе бағыты бойынша аптасына 24 рейске дейін ұлғаюы күтілуде.

Қазіргі уақытта тұрақты әуе қатынасы Алматы – Дели (Air Astana – аптасына 7 рейс, «IndiGo» – аптасына 7 рейс), Алматы – Гоа (SCAT – 2), Астана – Гоа (FlyArystan – 2) бағыттары бойынша орындалады», - делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары