06.02.2025, 12:51
Жаңалықтар
Қуандық Бишімбаев түрмеде жатып, тағы да сотқа арыз түсірді
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті осыған қатысты мәлімдеме жасады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Атышулы экс-министр Қуандық Бишімбаев түрмеде жатып, тағы да сотқа арыз берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бишімбаевтың арыз беруіне түрме әкімшілігі тарапынан ешқандай көтермелеу шаралары жасалмай жатқаны себеп болған.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға тәртіп бұзу болған жағдайда көтермелеу шаралары берілмейді. Сотталушының бір рет заң бұзғаны ескеріліп, оған көтермелеу шарасы қолданылмаған. Сот сотталушының талап арызын қанағаттандырған жоқ», - делінген Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарламасында.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіріп, 24 жылға сотталған болатын.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді