$ 495.28  538.32  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өту бекеттерінің бірі жабылады

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Жібек жолы» бақылау-өткізу бекеті 5 ақпаннан бастап төрт айға жабылады

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өту бекеттерінің бірі жабылады
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Бұл өзгеріс Өзбекстан тарапындағы «Гишт-Куприк» бекетінің құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты енгізіліп отыр. деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Мемлекеттік кірістер комитеті шекарадан жаяу немесе жеке көлікпен өтетін азаматтарға балама бағыттарды таңдауға кеңес береді. Жаяу жүргіншілер үшін «Қапланбек», «Қонысбаева», «Сырдария» және «Целинный» бекеттері жұмыс істейді.

Жүк көліктерінің қозғалысы келесі бекеттер арқылы ұйымдастырылады: «Қонысбаева»,«Атамекен», «Қазығұрт», «Тәжен».

Теміржол көлігі үшін балама бағыттар: Сарыағаш теміржол бекеті, Бейнеу теміржол бекеті.

Комитет азаматтарға сапарларын шекара бекеттеріндегі өзгерістерді ескере отырып, алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары