Жанар Айжанованың экс-күйеу баласы екінші әйеліне салоннан «гелик» алып берді (ВИДЕО)
Блогердің әйеліне жасаған сыйлығын желі қолданушыларының бір бөлігі қолдай қойған жоқ

Әнші, актриса Жанар Айжанованың бұрынғы күйеу баласы, блогер Қыран Талапбек кейінгі үйленген әйелі Гүлзада Тұрлашқа салоннан су жаңа көлік алып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға көңіл бөлсек, блогер Mercedes-Benz G63 AMG автокөлігін сыйлағанын көруге болады.
«Туған күніңмен, махаббатым! Біз кездесіп жүргенде «гелик» алып беремін деп уәде бергенім бар. Айттым, орындадым», - деп жазды Қыран Талапбек.
Блогердің әйеліне жасаған сыйлығын желі қолданушыларының бір бөлігі қолдай қойған жоқ.
«Баласына квартира әперсе болады ғой, кроссовка емес. Сол бір кроссовкадан кейін ештеңе әпермеді-ау осы. Тоқалын қарық қыла бергенше», «Ол сарапшы еді ғой», «Енді туған күніңе күйеуіңнен қымбат сыйлық алудың жолдары туралы курс сатады», - деп жазды желі қолданушылары.