04.02.2025, 12:29
Жаңалықтар
Қазақстан шекарасын бір айда 30-ға жуық шетелдік бұзып өткен
Жалпы салмағы 7 кг астам есірткі заттары тәркіленді

Фото: ҰҚК
ҰҚК Шекара қызмет 2025 жылдың алғашқы айында атқарған еңбегінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, шекара кеңістігінде Қазақстан заңын бұзған 3 785 адам ұсталды, соның ішінде:
- 27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
- 12 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 248 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
- жалпы салмағы 7 кг астам есірткі заттары;
- синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлардың 1 факті, жалпы салмағы 1 285 кг жоғары;
- 113 – қарулар мен оқ-дәрілер (5 дана атуға жарамсыз, 1 дана ату, 25 дана пневматикалық, 152 дана суық қару, 105 дана оқ-дәрілер, 21 дана электрошокерлер);
- 30 – діни әдебиет (728 дана);
- 462 – жалпы сомасы 18 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (35 000 литрден астам);
- 491 – жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
- 115 – жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 29 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
- 16 дана жүзу құралдары;
- жалпы ұзындығы 17,4 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
- 139 дана (500 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
- алды алынған залал сомасы шамамен 196 млн теңгені құрайды.
«Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
12.03.2025, 23:41
Танымал әзілкеш 8 наурыз мейрамында әйеліне зираттан орын сыйлады
12.03.2025, 17:42
«Еркекке жабысып»: Қайрат Нұртаспен сахнада бірге билеген бойжеткен сынға қалды (ВИДЕО)
12.03.2025, 17:50
Түркістан облысында кәмелетке толмаған 16 қыз ағалары мен туыстарынан бала туған – Зәкиева
12.03.2025, 20:50
Шымкентте екі әйел Садраддин үшін шаш жұлысып, төбелесті (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
11.03.2025, 14:20
«Қиын сұрақ»: Қазақстаннан Нобель сыйлығының лауреаты қашан шығады