03.02.2025, 09:28
Жаңалықтар
«Калашников», граната, тапанша: Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ тәркіленді
ҰҚК ІІМ-мен және прокуратурамен бірлесіп, іздестіру жұмысын жүргізді
Фото: ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір айдың ішінде ондаған түрлі қару мен 1500-ден астам оқ-дәрі тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК мәліметінше, 2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
«Нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді.
Көрсетілген қару-жарақтардың 4 бірлігі «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланғаны анықталды.
Осы фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
