$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда 25 жыл бұрын екі адамды өлтірген күдіктілер ұсталды

Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыстың беті ұзақ уақыт бойы ашылмай келген

Оралда 25 жыл бұрын екі адамды өлтірген күдіктілер ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Оралда 25 жыл бұрын болған адам өлтіру қылмысының беті ашылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында адам өліміне тапсырыс беруші мен оны орындаушы қолға түсті. Белгілі болғандай, қайғылы оқиға 2000 жылдың желтоқсанында болды. Онда екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан.

Қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған.

«Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатысы барын растайтын қосымша айғақтар алынды. Қылмыстық іс «Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі» бабы бойынша жүргізіліп жатыр», - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Серіктес жаңалықтары