$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жігіттер жарады: Дубайда өткен халықаралық жарыста қазақстандық арнайы жасақтар қос алтын еншіледі

Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» командасы жеңіске жетті

Жігіттер жарады: Дубайда өткен халықаралық жарыста қазақстандық арнайы жасақтар қос алтын еншіледі
Фото: ІІМ архивінен

Бүгін мемлекеттік күзет қызметінің «Сардар» арнайы жасағы Дубайда өтіп жатқан «SWAT Challenge» халықаралық жарысында тағы бір алтын жүлде еншіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

24.kz арнасы хабарлауынша, әлем біріншілігінің екінші күні қазақстандық сарбаздар үшін сәтті өтті. «Сардар» құрамасы шартты түрде лаңкестер басып алған нысанға шабуыл жасап, кепілге алынған адамдарды құтқару міндетін жылдам әрі дәл орындады.

Жаттығу шарты бойынша операция 1 минут ішінде аяқталуы тиіс еді, алайда қазақстандық жауынгерлер 53 секундта барлық тапсырманы орындап шықты.
Жарыс нәтижесі бойынша:

  • «Сардар» құрамасы алтын медаль мен 5 мың доллар қаржылай сыйақыға ие болды.
  • Күміс жүлде де Қазақстанға бұйырды – екінші орынды «Арыстан» арнайы жасағы иеленді.

Ал жарыстың бірінші күнінде Қазақстан Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» командасы оза шауып, алтын жеңіп алды.

«Сұңқар» арнайы жасағы жарыстың бірінші кезеңін 1 минут 34 секундта аяқтады. Осы уақыт ішінде жауынгерлер кедергілерді еңсеріп, нысанаға дәл тиіп, кепілдегі адамдарды босатты.

«SWAT Challenge» – әлемнің түрлі елдерінің арнайы жасақтары қатысатын беделді жарыстардың бірі.

Серіктес жаңалықтары