Екі облыста ауа райына байланысты жол қозғалысы шектелді
Жол 3 ақпанда ашылады деп жоспарланып отыр

Ауа райының нашарлауына байланысты Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы» автожолының кейбір учаскелерінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қозғалыс шектелген учаскелер:
- Абай облысы: Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін (971-1013 км);
- Шығыс Қазақстан облысы: Абай облысы шекарасынан Ұлан ауылына дейін (1013-1048 км).
Сонымен қатар сағат 16:00-ден бастап Абай облысында «Өскемен – Семей» автожолының Семей қаласынан ШҚО шекарасына дейінгі (103-198 км) бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Шығыс Қазақстан облысында қосымша шектеу енгізілді:
- «Өскемен – Семей» жолының Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін (10-103 км);
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей» жолының Предгорное ауылынан Шемонаиха қаласына дейін (1125-1191 км);
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей» жолының Шемонаиха қаласынан Ресей шекарасына дейін (1194-1212 км).
Жолдардың қайта ашылуы 3 ақпанда сағат 06:00-ге жоспарланған. Жүргізушілерге алыс жолға шықпауға және сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес беріледі.