$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Димаш Құдайбергеннің әні АҚШ чарттарын бағындырып жатыр

Ән Amazon платформасының «Best Sellers in Songs» категориясында үздік ондыққа енді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Smoke» әні АҚШ-тың Amazon және iTunes чарттарына енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Dimashnews.com порталына сілтеме жасап.

2025 жылдың қаңтар айында бірқатар шетелдік басылым қазақстандық орындаушы туралы мақалалар жариялады. Америкалық Haute Living басылымы Димаштың әлемдік деңгейдегі беделін ерекше атап өткен.

«Димаш Құдайберген Азиядағы ең танымал әртістердің бірі ретінде танылып келеді. Ол тыңдармандарын неоклассика, поп, қазақ фольклоры және заманауи музыканың ерекше үйлесімімен таңғалдырады. Музыка – ол үшін жай ғана өнер емес, Қазақстан мәдениетін жаһандық сахнада насихаттайтын платформа», — деп жазды басылым.

2024 жылғы сәуірде жарық көрген «Smoke» әнінің авторы – Димаш Құдайбергеннің өзі, ал ән мәтінін Кэндис Келли мен Дмитро Гордон жазған.

30 қаңтарда ән бірнеше халықаралық чарттарға енді:

  • iTunes Top-100 рейтингінде 32-орынға дейін көтерілді.
  • Amazon платформасының «Best Sellers in Songs» категориясында үздік ондыққа енді.
  • «Best Sellers in Pop» категориясында бірінші орынға шығып, ең көп сатылған әндердің көшін бастады.
Серіктес жаңалықтары