02.02.2025, 08:20
Жаңалықтар
Алматы облысында күзде жоғалған әйелдің денесі табылды
Оны іздестіру жұмыстары 2 айға созылды
Фото: istockphoto.com
2024 жылдың күзінде із-түссіз жоғалған Алматы облысының тұрғыны өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның мән-жайын Lider.kz еріктілері Instagram-дағы парақшаларында хабарлады.
1994 жылы туған Хамит Айша Мұратбекқызы қарашаның 26-сы күні жоғалып кеткен. Бұл күні ол Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылы, Наурыз көшесі, 6-үй мекенжайы бойынша үйінен шығып кеткен.
Ерекше белгілері: бойы 160 сантиметр, дене бітімі арық, шашы қара ұзын, көзі қоңыр.
Ол қара қысқа күртеше мен ашық түсті хиджаб киген.
Еріктілердің айтуынша, әйел 30 қаңтарда өлі табылған. Оның неден қаза тапқаны әлі анықталмады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды