$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да белгісіз адамдар баланың көзінше итті атып кеткен (ВИДЕО)

Полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастады

СҚО-да белгісіз адамдар баланың көзінше итті атып кеткен (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка қаласында баланың көзінше ит атылған. Бұл туралы жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде мәлімдеп, оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 31 қаңтарда болған. Куәгердің айтуынша, бала үйдің ауласында итпен ойнап жүрген кезде сұр түсті көлік келіп, жануарды атып кеткен.

«Қай ветеринарлық мекемеден келгенін және кім баланың жанында тұрғанына қарамай оқ атқанын түсінбеймін. Бұл сұраққа кім жауап береді? Баланың көзінше ату заңды ма, жоқ па?» – деп куәгер жазба қалдырған.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ит ату фактісі бойынша Сергеевка тұрғынының арызы қабылданған.

«Бұл дерек полиция департаментінің ақпараттық кітабына тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданады», – деді ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары