«Алғашқы махаббат»: балабақшадағы бүлдіршіндер жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)
Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір білдірді
Желіде балабақшадағы балалардың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода төсегі қатар тұрған кішкентай ұл бала мен қыз баланың қол ұстасып жатқанын көруге болады. Ал фонында «Алғашқы махаббат» әні ойнап тұр.
«Екеуі күнде осылай қол ұстасып ұйықтайды», - деп жазды видео авторы.
Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір білдірді.
«Кішкентай бала ғой екеуіде. Аналарын аңсап жатқан болар», «Жаным сол», «Сақтап қойыңыз, ертең өскенде көрсетесіз», «Тәрбиешілерге медаль тағу керек, бала баққан оңай емес», «Менің де ұлым 4 жаста, бір қызды жақсы көреді. Ол қыз да бұны жақсы көреді екен, бір бірін көрсе мәз болады. Менің ұлым ұялшақ. Сол қыз үшін барамыз балабақшаға», - деп жазды желі қолданушылары.