$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ер адам танысын интимді фото-видеоларын таратамын деп 600 мың теңге бопсалаған

Оны Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірді

Ер адам танысын интимді фото-видеоларын таратамын деп 600 мың теңге бопсалаған
Фото: Видеодан скрин

Жаңаөзен қаласында ер адам танысын интимді фото-видеоларын таратамын деп 600 мың теңге бопсалаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, 26 қаңтарда сағат 14:50 шамасында Маңғыстау облысы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жаңаөзен қаласының «Шаңырақ» шағын ауданында жедел әрекет ету арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.

Нәтижесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 2004 жылы туған Жаңаөзен қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.

«Тергеу барысында күдіктінің танысына интимдік фотосуреттер мен бейнематериалдарды таратамын деп қорқытып, одан 600 000 теңге бопсалағаны анықталды. Қылмыс жасау мән-жайлары тергеу әрекеттері шеңберінде анықталады.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тінту барысында күдіктіден қылмыс жасалғанын растайтын заттай дәлелдемелер, сондай-ақ Қылмыстық жолмен алынған 300 000 теңге тәркіленді.

Полиция қызметкерлері күдіктінің кінәсін толық анықтау үшін барлық қажетті тергеу шараларын жүргізеді», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары