$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Кибербуллингке ұшырадым»: атышулы блогер Құран аяттарын рэппен бірге не үшін оқығанын айтты (ВИДЕО)

Атышулы блогер өз сөзінде орынсыз буллингке ұшырап жатқанын айтты

«Кибербуллингке ұшырадым»: атышулы блогер Құран аяттарын рэппен бірге не үшін оқығанын айтты (ВИДЕО)
Фото: Instagram/juzzeffina244

Әлеуметтік желіде Жузефина лақап атымен белгілі блогер Жұлдыз Жауынбаева атышулы видеосына қатысты жағдайды түсіндіріп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атышулы блогер өз сөзінде орынсыз буллингке ұшырап жатқанын айтты.

«Жай ғана мәтін жазып кете салмай, халық алдында түсіндіргім келіп отыр. Таңертеңнен бері осы ақпаратпен арпалысып жатырмыз. Біріншіден, жұрттың наразылығын түсінемін. Себебі, сіздерге жалған ақпарат таратып жатыр. Жалған ақпараттың салдарынан мен кибербуллингке ұшырап жатырмын.

Екіншіден, бұл дінген қатысты болғандықтан, үндемей отыра алмадым. Мені дінге қарсы адам ретінде көрсетіп жатқанына қатты ашулымын», - дейді блогер.

Ол өз сөзінде Құран аяттарын не себепті оқығанын былайша түсіндіріп өтті.

«Қасқырдың аузы жесе де, жемесе де қан. Шындығымды айта кетейін. Біріншіден ешқандай ішімдік болған жоқ. Себебі ол жиында отырғандардың 70 пайызы – оранған, ұзын киінген.

Екіншіден, ол жерде конкурс болды. Өнерлеріңізді көрсетіңіздер дегенде бірі рэп оқыды, екіншісі опера айтты. Ол жерде намаз оқитын кісілер мені түсінеді ғой деп мақтанғым келіп, сондай ниетпен оқыдым. Ол жерде ешқандай рэп, бит жоқ. Жұрттың соны ушықтырып жібергеніне сасқалақтап қалдым», - деп атышулы блогер сөзін аяқтады.

Айта кетейік, осыған дейін блогер осыған дейін кештердің бірінде Құран аяттарын оқығаны үшін сынға қалған болатын.

Серіктес жаңалықтары