$ 510.58  571.8  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ираннан Қазақстанға заңсыз жолмен темекі тасымалдаған адам 10 жылға сотталды

Ақтауда ірі контрабанда ұйымдастырған адам сотталды

Ираннан Қазақстанға заңсыз жолмен темекі тасымалдаған адам 10 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Ираннан Қазақстанға 1 млрд теңгеден асатын темекіні заңсыз жолмен тасымалдаған адам 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, Ақтау қалалық соты Қазақстан азаматын қылмыстық топ құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

«2016-2018 жылдар аралығында адамдар тобы құрылыс материалдарын жеткіземіз деген желеумен Ираннан Қазақстанға кеден шекарасы арқылы құны 1 млрд теңгеден асатын темекі мен табак тасымалдаған.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуде болып, Әзербайжан Республикасынан экстрадицияланды. Топтың қалған мүшелері бұған дейін әртүрлі жазалар үшін жауапқа тартылған болатын.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген Бас көлік прокуратурасы таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары