$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық ғалымдар онкологияға қарсы дәрі ойлап тапты

Ауруды ерте диагностикалау үшін скринингпен қамту бір жылда 38%-ға кеңейтілді

Қазақстандық ғалымдар онкологияға қарсы дәрі ойлап тапты
Фото: istockphoto.com

Премьер-министр Олжас Бектенов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкімет отырысында медицина саласында атқарылып жатқан шаруалар жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкімет басшысы өз сөзінде ана мен бала өлімі азайғанын тілге тиек етті.

«Медициналық қызметтердің сапасы мен қамту деңгейін арттыру бағытында жұмыстар жалғасуда. Бала өлімі 6,7%-ға, ана өлімі 11,4%-ға азайды.

Ауруды ерте диагностикалау үшін скринингпен қамту бір жылда 38%-ға кеңейтілді. Атап айтқанда, 2 млн 800 мың адам онкологиялық скринингтен өтті. Нәтижесінде қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткішін 3,5%-ға төмендетуге қол жеткізілді», - дейді Үкімет басшысы.

Ол өз сөзінде отандық препараттың сынақ деңгейі туралы мәлімет беріп өтті.

«Бір топ қазақстандық ғалым онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препарат жасап шығарды. Қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың екінші фазасы жүріп жатыр. Оны аяқтау және препаратты тіркеу осы жылдың соңына жоспарланған», - дейді Олжас Бектенов.

Серіктес жаңалықтары