$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда биыл 11 шетелдік ЖОО-ның филиалы ашылады

Үкімет басшысы баяндама жасады

Қазақстанда биыл 11 шетелдік ЖОО-ның филиалы ашылады
Фото: istockphoto.com

Премьер-министр Олжас Бектенов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкімет отырысында елімізде білім жүйесін дамыту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкімет басшысының айтуынша, 217 жайлы және 200 тірек мектептен тұратын үздік білім ұяларының желісі құрылып жатыр. Негізгі міндет – озық тәжірибені тарату арқылы еліміздің барлық жалпы білім беру мектептерінде білім сапасын кезең-кезеңмен теңестіру.

Сол сияқты биыл 10 жетекші технологиялық колледж құрылатын болады. Олар басқа да кәсіптік білім беру ұйымдары үшін тірек ресурстық орталықтарына айналады.

«Бүгінде Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының 23 филиалы жұмыс істеп жатыр,  олардың 5-еуі өткен жылы ашылды. Биыл тағы 11 филиал ашамыз.

Университеттік ғылымды дамыту және оны коммерцияландыру ісіне назар аударылуда.

Сәтбаев университетінде Қазақмыс корпорациясының тапсырысы бойынша таза селен алудың жаңа тәсілі әзірленді. Ол медицина, электроника және басқа да жоғары технологиялық салаларда кеңінен қолданылуда.

NU Университетінің базасында тірек-қимыл жүйесі зақымданған адамдарды оңалтуға арналған экзоскелеттер өндірісі жолға қойылды. Қажетті сертификаттарды алғаннан кейін біз өндірушіні Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан кепілдік берілген тапсырыстармен қамтамасыз етеміз», - дейді Олжас Бектенов.

Серіктес жаңалықтары