$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл Қостанай облысы мен Алматы қаласында екі ірі автомобиль зауыты ашылады

Өткен жылы Атырау облысында құны 350 млн доллар, ал жылдық қуаты 6 мың вагонды құрайтын зауыт іске қосылды

Биыл Қостанай облысы мен Алматы қаласында екі ірі автомобиль зауыты ашылады
Фото: istockphoto.com

Премьер-министр Олжас Бектенов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкімет отырысында автомобиль өндірісі, ауыл шаруашылығы техникалары жайлы баяндама жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкімет басшысының сөзіне сүйенсек, екі ірі автомобиль зауыты биыл ашылатын болды.

«Биыл екі ірі автомобиль зауытын, атап айтқанда Қостанай облысы мен Алматы қаласында жалпы өндірістік қуаттары жылына 160 мың автокөлікті құрайтын KIA және мультибрендті зауыттарын іске қосамыз.

Өткен жылы біз сырттан келетін тракторлар мен комбайндарды субсидиялаудан бас тарттық. Бұл осыған дейін Қазақстанда өз зауыттарын ашқан шетелдік ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер үшін тиімді болды.

Мәселен, Петропавлдағы Claas неміс концернінің зауытына жасалған тапсырыс көлемі 2 есеге өсті», - дейді Үкімет басшысы.

Бектеновтің сөзіне сүйенсек, бүгінде басқа да ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілер Қазақстанда өндірістерін локализациялауды бастады.

«Электровоздар мен локомотивтер өндірісінде Alstom және Wabtec зауыттары елеулі технологиялық жетістіктерге қол жеткізді.

Өткен жылы Атырау облысында құны 350 млн доллар, ал жылдық қуаты 6 мың вагонды құрайтын зауыт іске қосылды.

Биыл Астанадағы Stadler зауыты алғашқы 50 жолаушылар вагонын шығаруды бастайды.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларымен жаңа бағыттар да қамтылып отыр», - дейді Олжас Бектенов.

Серіктес жаңалықтары