$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талдықорғанда 1,1 млрд теңгеге жөнделген саябақтан ақаулар табылды

Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгені құрады

Талдықорғанда 1,1 млрд теңгеге жөнделген саябақтан ақаулар табылды
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысының Талдықорған қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мәліметінше, 2020 жылдың наурыз айында мемлекеттік сатып алулар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен жекеменшік компания саябақ жөндеу бойынша 1 млрд 92 млн теңге көлемінде жұмыс жүргізу туралы келісімшартқа отырған.

Алайда, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының талаптарына қайшы, тапсырыс беруші мердігердің пайдасына төлемдерді жүзеге асыру кезінде міндеттемелердің толықтығын қамтамасыз етпеген.

«Салдарынан мердігер құрылыс жұмыстарын толық аяқтамай, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгені құрады.

Материалдық залал мемлекетке толығымен өтелді.

Қазіргі уақытта 3 адамға қатысты тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары