$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтардың қарызы 24 трлн теңгеге жеткен

Бір жылда 22,9%-ға өсіп отыр

Қазақстандықтардың қарызы 24 трлн теңгеге жеткен
Фото: freepik

Бірінші кредиттік бюро қазақстандықтардың несие, автонесие, ипотекалық қарыздарының қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жеке тұлғалардың несиелерінің жалпы портфелі 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 24,1 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 22,9%-ға өскен. Портфельдің 90%-дан астамы үш өнімге тиесілі - кепілсіз тұтынушылық несие, ипотека және автонесие.

Ипотекалық портфель бір жылда 14,1%-ға өсіп, 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 6,7 трлн теңгені құрап отыр. Келісімшарттар саны 9,9%-ға, 627,6 мың бірлікке дейін артты. Ал қарыз алушылар саны 600 мыңға жуық адамға жетіп, жылдық өсім 10,3%-ды құрады.

Атап өтейік, өткен жылы бұл сегментте несиенің берілу белсенділігі едәуір артқан болатын. Рәсімделген келісімшарттардың жалпы көлемі жылдан жылға 27,8%-ға артып, 2,2 трлн тг жетті. Ал несие саны 18,9%-ға артып, 136,8 мың бірлікті құрады. Ипотека алған қарыз алушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 21%-ға өсіп, 134 мың адамға жеткен.

Автонесиелеудің портфелі 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 3,6 трлн теңгеге жетіп отыр. Бір жылда 44,8%-ға өскен. Келісімшарттар саны 591,2 мың бірлікті, ал қарыз алушылар саны 559,2 мың адамды құрады. Екі көрсеткіш те жылдан жылға шамамен үштен бірге артқан.

 

Серіктес жаңалықтары