$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда есірткі қолданып, көлік жүргізген ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Жүргізушінің ісі енді сотқа жіберіледі

Павлодарда есірткі қолданып, көлік жүргізген ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Павлодарда полиция қызметкерлері есірткі қолданып, көлік жүргізген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, Дөнентаев көшесінде полицейлер Lada маркалы автомашинаны тоқтатқан. Құжаттарын тексеру кезінде полиция қызметкерлері жүргізушінің жағдайына қатысты күдіктенеді.

«Жүргізілген куәландыру қала тұрғынының есірткіге мас күйінде болғанын көрсетті. Құқық бұзушының көлігі арнайы автотұраққа қойылды, ал автокөлік иесінің өзі енді сотқа тартылады.

«Заң және тәртіп» қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары